Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің қорғаныс министрінің орынбасарымен кездесті

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы қызметіне тағайындалған

Sarbaz.kz редакторы
08/08/2023 - 17:16

Мәскеуде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-полковник Александр Фоминнің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Кездесу барысында Ұйым аясындағы әскери ынтымақтастық пен нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты», – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Бас хатшысы қызметіне 2023 жылғы 1 қаңтарда үш жыл мерзімге тағайындалған. Осыған дейін бұл қызметті Беларусь Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засс атқарған. Бүгінгі таңда ҰҚШҰ-ға алты мемлекет кіреді: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь және Ресей.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41