Маңғыстауда газ құбырында өрт шығып, жарылыс болды

Қазір жарылыстың себебі анықталып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 16:57

Фото: Даниал Окасов

Фото: Даниал Окасов

Маңғыстау облысында газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға аудан аумағында «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырында болды.

«18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы «ИнтергазОрталықАзия» АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт шығып, жарылыс болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр», - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41