АҚШ-та орман өртін сөндіріп жүрген екі тікұшақ соқтығысып қалды

Оқиға Калифорния штатында болды

Sarbaz.kz редакторы
08/08/2023 - 16:02

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртін сөндіруге шыққан 2 тікұшақ бір-бірімен соқтығысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Апат салдарынан 2 өрт сөндіруші мен бір ұшқыш қаза тапты. Төтенше жағдай Лос-Анджелестен шығысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан Риверсайд округіндегі Кабазон қаласының маңында болды.

Өрт сөндіруге барлығы алты әуе көлігі атсалысты, екі тікұшақтың ұшқыштары бір-бірін кеш байқап, соқтығысып қалды. Апатқа қарамастан тікұшақтың бірі аман-есен жерге қонған, бірақ екіншісі орманға құлап жарылған. Алдын ала нұсқа бойынша тікұшақтардың бірінде ақау болғанға ұқсайды. Ұшқыш пен өрт сөндіру бөлімінің екі қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Бұл 2023 жылдың басынан бері Калифорниядағы дала өрті кезіндегі адам өлімінің алғашқы оқиғасы.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07