Астанада құтқарушыларға пәтер кілті табысталды

Құтқарушылар жыл сайын 1000-нан астам адамды құтқарып қалады

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 15:57

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Астанада құтқарушыларға 15 қызметтік пәтердің кілті табыс етілді. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлердегі жаңа қоныстанушылар арасында қатардағы қызметкерлер: елордалық Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, құтқарушылары мен бөлімше командирлері бар.

Сегіз бір бөлмелі және жеті екі бөлмелі пәтер Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «TENGRI» және Е-36 көшесіндегі «Respublika» тұрғын үй кешендерінде орналасқан.

Жыл сайын елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері орта есеппен 4000 мыңнан астам жедел-құтқару шығулар жасайды, 600-ден астам өрт пен қызыл жалынды сөндіреді, 1000-нан астам адамның өмірін құтқарады және эвакуациялайды. 2023 жылы құтқарушылар 314 авариялық-құтқару жұмыстын жүргізді, 600-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85