БҰҰ: Газада 1 млн-нан астам адам ашаршылыққа ұшырады

Оңтүстік аймақтар да жақын арада ашаршылыққа тап болуы мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 15:20

Фото: Euronews

Фото: Euronews

БҰҰ мәліметі бойынша, Газа секторының солтүстігінде 1,1 миллион адам ашаршылық жағдайында өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Газа секторының солтүстігінде адамдар бірнеше айдан бері аштық жағдайында өмір сүріп жатыр. Қазірдің өзінде аймақтың барлық тұрғыны, атап айтқанда 2,23 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезініп отыр. Егер соғыс жалғаса берсе, аймақ халқының жартысынан көбі азық-түлік дағдарысына ұшырайды. Оңтүстік аймақтар да жақын арада азық-түлік қаупіне тап болады.

Баяндама БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің басшысы Филипп Лаццарини гуманитарлық көмек көрсетумен айналысуы үшін Газаға кіруге тыйым салынғанын айтқан соң жарияланды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91