Олар жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын келтірген
Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау фактісі бойынша істі болған бұрынғы полиция қызметкерлері бірнеше жылға сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Талдықорған қаласының сотымен 18 наурыз 2024 жылы «қаңтар оқиғасы» барысында азаптау фактілерін қолданған бұрыңғы полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды (ҚК 146-бабы).
«Қылмыстық іс Жетісу облысының арнайы прокурорларымен тергеп-тексерілді. Мемлекеттік айыптаушылар 2022 жылғы 5-16 қаңтар аралығында Алматы облысы Полиция департаментінің ғимаратында кінәлі тұлғаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылықпен қатар, тергеудің тыйым салынған әдістерін жасағаны дәлелденді.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жеті жәбірленушіге әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілген.
Сот үкімімен үш сотталушы 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталып, олардың біреуі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылды», - делінген прокуратура хабарламасында.
Сонымен қатар, сот оларды арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.