«13 мың бала қаза тапты»: Қырғызстан Газадағы геноцидті тоқтатуға шақырды

Соғыстан БҰҰ-ның 165 қызметкері қаза тапты

Sarbaz.kz редакторы
19/03/2024 - 14:30

Фото: Sputnik / Ақылбек Батырбеков

Фото: Sputnik / Ақылбек Батырбеков

Қырғызстан халықаралық қауымдастықты және ең алдымен, Израильдің бас демеушісі – АҚШ-ты Газадағы геноцидті тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов мәлімдеді, деп хабарлады Sarbaz.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, алты айдан бері әдістемелік тұрғыда әлем Газа тұрғындарының жойылып бара жатқанын бақылап отыр.

«13 мың бала қаза тапты. БҰҰ-ның 165 қызметкері қаза тапты. 95 журналист өлтірілді. Олардың көпшілігі мақсатты түрде өлтірілді. Оның бәрі құжатталған. 2024 жылы біз геноцидті тікелей эфирде көріп отырмыз. Тікелей эфирде біз екі миллион палестиналықтың аштықтан қалай зардап шегіп жатқанын және әлем ештеңе істемей отырғанын көріп отырмыз», - деді Э.Байсалов.

Ол Қырғызстанның терроризмді қатаң сынайтынын және өткен жылдың қазан айында Израильдің бейбіт тұрғындарына жасалған шабуылды айыптағанын атап өтті.

«Біз Израиль халқының өзін-өзі қорғау құқығын мойындаймыз. Бірақ еврей үкіметі өзін халықаралық құқық пен БҰҰ-дан жоғары қоюға құқығы жоқ. Қырғызстан халықаралық қауымдастықты және ең алдымен Израильдің негізгі демеушісі – Америка Құрама Штаттарын осы геноцидті тоқтатуға шақырады», - деді Қырғызстан шенеунігі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91