Астанада алимент төлемей жүрген 170 адам анықталды

Бір ғана борышкердің алимент бойынша 3,5 млн теңге қарызы бар

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 22:49

Фото: freepik.com

Фото: freepik.com

Елорда прокуратурасы электрондық әмияндарында айналымы 300 млн теңгеден асатын алимент төлеуден жалтарған 170 борышкерді анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz елордалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, бір ғана борышкер алимент бойынша 3,5 млн теңге қарызы бола тұра, өз әмиянын 6 млн теңгеге толтырған.

«Алимент өндірудің осы және басқа да түйткілді мәселелері қала прокуратурасының алаңында уәкілетті органдар мен жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының қатысуымен өткен алқа мәжілісінде талқыланды.

Қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жасырын кірістерді балалардың пайдасына өндіру бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Бүгінгі таңда борышкерлер 20 млн теңге қарызын өтеп үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91