Ақтөбеде әскери қызметкер 23 млн теңгені спорт ойындарына арналған бәске тігіп жіберген

Ол өзінің есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударым жасаған

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 20:20

Фото: iStock.com/AndreyPopov

Фото: iStock.com/AndreyPopov

Ақтөбеде әскери қызметкер бюджетке тиесілі 23 млн теңгені спорт ойындарына бәске тігіп жіберген. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе гарнизонының әскери соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша әскери қызметшіге қатысты қылмыстық істің (ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-б. 2-т.) үкімін жарияланды.

Бірінші сатылы соттың үкімімен әскери қызметші С.-ны әскери атағынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.

Сотпен анықталғаны:

Сотталушы С. қаржы қызметі бөлімінің бастығы лауазымында бола тұра, басқарманың бірінші басшысының ЭЦҚ кілтін ауыстырып қолдану арқылы өзінің банктік есепшотына бюджет қаражатынан бірнеше рет заңсыз ақшалай аударымдар жасаған.

Заңсыз алынған бюджет қаражатын ұтыстар арқылы өтеу пиғылымен, аталған қаржыны «Olimp» платформасында ставкаға пайдаланған. Нәтижесінде, мемлекетке ірі көлемде 23 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

«Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындау түрінде процесуалдық келісім жасасып, қылмыстық істің сотқа түскенге дейін келтірілген залалды толығымен өтеген.

Сот үкімі заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94