«Бұл – отбасының жеке мәселесі»: министр балалардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді

Министр жасөспірімдердің денсаулығына ерекше қарау керек екенін айтты

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 19:56

Фото: t.me/KZgovernment

Фото: t.me/KZgovernment

Ата-аналар баласына ораза ұстауға рұқсат берер алдын денсаулығына ерекше мән беруі керек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақытылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана баласының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін», - деді А. Әлназарова Парламентте өткен жиыннан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте ол жасөспірімдердің денсаулығына ерекше қарау керек екенін айтты.

«Менің ойымша, баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтану керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек», - деді министр.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4