Қазақстан мен Өзбекстан әскерилері бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізді

Оқу-жаттығуға 18 қазақстандық әскери қызметші қатысты

Sarbaz.kz редакторы
08/08/2023 - 15:27

Қазақстан мен Өзбекстан әскери қызметшілері «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының бірінші кезеңін өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2-5 тамыз аралығында Ташкент облысының Шыршық қаласындағы Өзбекстан Республикасы Қарулы күштерін модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының базасында «Қанжар-2023» бірлескен жедел-тактикалық компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2023 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткен оқу-жаттығуға 18 қазақстандық әскери қызметші қатысты.

Сапар барысында қазақстандық әскери делегация Модельдеу ғылыми-зерттеу далалық оқу орталығының, сондай-ақ Шыршық жоғары танк командалық-инженерлік училищесінің оқу-материалдық базасымен танысты.

Компьютерлік командалық-штабтық оқу-жаттығулар – әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын жетілдірудің перспективалық бағыты. Мұндай әдіс күштер мен құралдарды қолдану нұсқаларын модельдеуге мүмкіндік береді.

Киберкеңістікте жауынгерлік міндеттерді пысықтағаннан кейін Маңғыстау облысының «Оймаша» оқу-жаттығу полигонында «Қанжар-2023» оқу-жаттығуының екінші кезеңі басталды. Ол 12 тамызда аяқталады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91