Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды

Жапонияның Жағалау күзеті зымырандар 30 минуттық аралықпен ұшырылғанын хабарлайды

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 15:58

Фото: yna.co.kr

Фото: yna.co.kr

Солтүстік Корея Жапония теңізіне қарай үш баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зымыран ұшырылымының кері салдары жоқ. 350 км ұшқаннан кейін зымырандар Жапонияның ерекше аймағынан тыс жерге құлады. Оңтүстік Корея әскери күштерінің мәліметі бойынша, үш зымыранның екеуі қысқа қашықтықта болды.

Жапонияның Жағалау күзеті зымырандар 30 минуттық аралықпен ұшырылғанын хабарлайды. Әрқайсысының ұшуы шамамен жеті минутты құрады. Премьер-министр Фумио Кисида Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне қатты наразылық білдірді.

«Мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын толықтай бұзу деп санап, қатты айыптаймын. КХДР әрекеттері біздің еліміздегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіреді», - деді ол.

Айта кетейік, КХДР қаңтар айының ортасында да бірнеше зымыран ұшырған. Кейінірек, 2 ақпанда Солтүстік Корея батыс жағалауынан бірнеше қанатты зымыран ұшырды. Сол кезде Оңтүстік Кореяда «арандатушылық белгілерін» қадағалау бойынша АҚШ-пен бірлескен дайындық жүргізіліп жатқаны хабарланған.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91