Путин алғаш рет Навальныйдың фамилиясын атап, батыспен оны айырбастауға келіскенін растады

Алайда Путин Эван Гершковичтің ісі туралы жақ ашпады

Нұрдәулет Кәкіш
18/03/2024 - 15:28

Фото: VYACHESLAV PROKOFYEV/TASS

Фото: VYACHESLAV PROKOFYEV/TASS

Путин Ресейдегі президенттік сайлауда дауыс беру аяқталғаннан кейін өз штабында өткен баспасөз мәслихатында Навальныйдың өлімі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей президенті Владимир Путин саясаткер Алексей Навальныйдың өлімін қайғылы оқиға деп мәлімдеді. Бірақ «ондай-ондай болып тұратынын» тілге тиек етті. Сонымен қатар Путин қайтыс болардан бірнеше күн бұрын белгілі бір адамнан Батыста түрмеде отырған адамдарға Навальныйды айырбастау туралы ұсыныс алғанын және бұл идеяға бірден келіскенін айтты. Бұған дейін оппозициянердің серіктестері Путинге осындай мәміле ұсынылғанын айтқан болатын.

Сонымен, Путин алғаш рет колониядағы саясаткердің өлімі туралы, жалпы Навальныйдың фамилиясын көпшілік алдында алғаш рет дауыстап айтты.

«Эван Гершкович бұл сайлауды түрмеде өткізді. Сіздің Украинадағы соғысыңызға қарсы шыққан Борис Надеждинге сізбен бәсекелесуге рұқсат етілмеді. Ал Алексей Навальный сіздің саяси науқан кезінде түрмелеріңіздің бірінде қайтыс болды. Президент мырза, сіз осыны «демократия» деп атайсыз ба?» - деп АҚШ-тың NBC телеарнасының журналисі Кир Симммонс Владимир Путинге сұрақты төтесінен қойды.

«Бұл өмір», - деп жауап берді Путин.

Ол надеждиннің қабылданбауын саясаткер штабының қанағаттанарлықсыз жұмысымен байланыстырды. Ал 2023 жылдың наурыз айының соңынан бері  тыңшылық жасады деген айыппен ұсталған Wall Street Journal журналисі Эван Гершковичтің ісі туралы Путин жақ ашпады.

«Навальный мырзаға келетін болсақ, иә, ол өмірден өтті. Бұл әрқашан қайғылы оқиға. Бізде адамдар өмірден кеткен басқа да жағдайлар болды. Бұл АҚШ-та болған жоқ па? Бұлай бірнеше рет болды», - деп жауап берді Путин.

Содан кейін ол Навальный қайтыс болғанға дейін бірнеше күн бұрын оны батысқа айырбастау идеясына келіскенін растады. 

Фото: AFP

Навальный 16 ақпан күні Ямало-Ненец автономиялық округіндегі Харптағы ИК-3 колониясында қайтыс болды. Отбасы бір жарым апта бойы оның денесін беруді сұрады.1 наурызда Навальный Мәскеуде Борисовский зиратында жерленді. Онымен қоштасуға мыңдаған адам барды.

«Айтпақшы, мен сізге мынаны айтайын, Навальный мырзаның өмірден өтуінен бірнеше күн бұрын күтпеген жерден кейбір әріптестер, әкімшілік қызметкерлері емес, кейбір адамдар маған Навальный мырзаны батыс елдеріндегі бас бостандығынан айыру орындарында отырған кейбір адамдарға айырбастау идеясы бар екенін айтты. Сіз маған сенесіз бе, жоқ па, өз еркіңіз. Маған сөзін аяқтамаған ол адамға: «мен келісемін» дедім. «Тек бір шартпен, біз оны алмастырамыз, бірақ ол қайтып келмей, сол жақта болсын». Мұндай болып тұрады, оған ештеңе істей алмайсыз», - деді Путин Навальныйдың өлімі туралы. Ол сондай-ақ Ресейдегі сайлау демократиялық жағдайда екенін айтты.

Путиннің бұл сөздерінен кейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Владимир Путиннің Навальныйды алмасу туралы айтқан сөздері оның ашықтығын көрсететінін айтты. Ол сондай-ақ оппозициянердің әйелі Юлия Навальная жұбайымен кездесу үшін Ресейге келуі мүмкін еді, «бірақ ол шетелде қалуды жөн көрді» деп мәлімдеді.

«Алмасуды растады және бірден өлтіруді бұйырды», - деді Путиннің мәлімдемесіне ФБК директоры Иван Жданов.

«Путин Навальныйды өлтіргеннен кейін бір ай өткен соң оның атын алғаш рет атады. Оны айырбастамау үшін өлтірткенін өзі растады», - деп жазды Навальныйдың серіктесі Леонид Волков.

Алексей Навальныйдың серіктестері соңғы айларда саясаткер қайтыс болғаннан кейін оны айырбастау туралы келіссөздер жүргізілгенін айтты. Атап айтқанда, 26 ақпанда Мария Певчих Навальныйды АҚШ-тың екі азаматына және Германияда өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған ФСБ офицері Вадим Красиковқа айырбастауға болатын схеманы талқылау туралы білетіндерін жария еткен болатын. 

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91