Заңсыз жүрген: 100-ден астам шетелдік азамат елден шығарылды

Қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 14:55

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген 121 шетелдік азамат елден шығарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Республика аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бес күнде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңнан астам дерегі анықталды.

  • елде болу ережелерін бұзғаны үшін 4475 шетелдік;
  • заңсыз жұмыс істегені үшін 2118 шетелдік;
  • 613 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін;

 2624 жеке және заңды тұлға өздерімен бірге жүрген шетелдіктер туралы полицияға дер кезінде хабар бермегені үшін жауапкершілікке тартылды.

«Сонымен қатар, қос азаматтықтың 9 фактісі анықталды, шетелдіктерге елде тұруға берілген 113 ықтиярхат күшін жойды.

Көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 850 сот шешімі шығарылды. 121 шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Барлық депортацияланғандарға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Іздеуде жүрген 37 шетелдік ұсталды», - деп жазылған хабарьламада.

Көші-қон қызметі елге шетелдіктерді шақыратын қазақстандықтарға шақырылған шетелдік азаматтардың елден уақытылы кетуін ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91