Науқастарға жәрдем беру, қайырымдылық: алаяқтар 6 млрд теңге жинаған

Алаяқтар қайырымдылық қызметін бақылаусыз жүзеге асырып келеді

Sarbaz.kz редакторы
18/03/2024 - 14:26

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Фото: Shutterstock/FOTODOM

Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған. Ал жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық өз ақшаларын жолдаған. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күмәнді әрекеттер туралы ҚМА басшысы Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.

«Жалпы жиналған қаржы сомасы 6 млрд теңгені құрады, оның 33% (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде ұжымдық қаражат жинаудың қауіптері және оларды одан әрі мақсатсыз пайдалану анықталды.

ҚМА басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар «ем» және «жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету» үшін қайырымдылық қызметі мен көмек көрсету түріндегі қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті.

Зиянкестер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды.

Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, «жалған» мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін», - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.

Отырысқа қатысушылар – АХҚО, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банктердің өкілдері - краудфандингтік қызметті реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, краудфандинг – бұл жобаларды, бастамаларды және стартаптарды қаржыландыру үшін қолданылатын ақша жинаудың инновациялық тәсілі.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06