Ресей мен Украина бір-бірін ондаған дронмен атқылады

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 8 аймақта 35 дронды жойғаны туралы есеп берді

Админ
17/03/2024 - 22:33

РИА Новости

РИА Новости

Ресей Қорғаныс министрлігі Мәскеу, Белгород, Калуга, Орел, Ростов, Ярославль, Краснодар және Курск облыстарының аумақтарында 35 дронды жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС сайты.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, дрондардың ең көп саны, яғни 17 данасы Краснодар өлкесінде атып түсірілді. Онда Славянск-на-Кубанидағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалды.

Шабуыл нәтижесінде зауытта өрт шығып, ол көп ұзамай сөндірілді.

Өз кезегінде Украина әуе күштері жексенбіге қараған түні ресейліктер Харьков және Донецк облыстарына бес С-300 зениттік зымыранын және Чернигов облысына екі Х-59 зымыранын ұшырғанын хабарлады. 

Сонымен қатар әскерилердің айтуынша, Украина аймақтарына Shahed типті 16 дрон шабуыл жасады, олардың 14-і атып түсірілді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85