Бүгін Краснодар өлкесіндегі Славянск-на-Кубани қаласындағы МӨЗ-де жарылыс болып, өрт шықты
Бірнеше дрон Славянск-на-Кубанидағы мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz ВВС сайтына сілтеме жасап.
Краснодар өлкесінің оперштабының мәліметінше, дрондар «бейтараптандырылған», дегенмен зауытта өрт шыққан.
Славянск-на-Кубань қаласында Славян мұнай өңдеу зауыты («Славянск-Эко» ЖШҚ) орналасқан. «Коммерсант» газетінің хабарлауынша, кәсіпорын аймақтың ең ірі 5 мұнай өңдеу компаниясының қатарына кіреді.
Айта кетейік, бұл соңғы аптада Ресейдегі алтыншы мұнай өңдеу зауыты.
Мәселен кеше таңертең Сызрань және Самара облысындағы Новокуйбышев мұнай өңдеу зауытана шабуыл жасады.
Сәрсенбі күні таңертең Рязань МӨЗ-іне шабуыл жасалған еді. Ол жылына 17,1 миллион тонна мұнай өндіретінін айта кетейік.
Сондай-ақ үш дрон Ростов облысындағы Новошахтинск мұнай өнімдері зауытына түсіп, нәтижесінде кәсіпорын жұмысын тоқтатты.
Сейсенбіде ұшқышсыз ұшақтың соққысы Нижний Новгородтың астындағы Кстово қаласындағы «Лукойлға» тиесілі МӨЗ-ге де зақым келтірген болатын.