Қытай жаңа стратегиялық бомбалаушы ұшағын жасап жатыр

Жаңа жоба жақын арада көпшілікке таныстырылады

Админ
16/03/2024 - 20:28

Screenshot from the PLA Air Force 2021 recruitment video

Screenshot from the PLA Air Force 2021 recruitment video

Қытай Халық-азаттық армиясының әуе күштері қолбасшысының орынбасары Ван Вейдің айтуынша, жақында жаңа қытайлық стратегиялық бомбалаушы Н-20 көпшілікке ұсынылады, деп хабарлайды globaltimes.cn сайты.

Қазіргі кезде оған «таңдануға лайық ұшақ» және «ғылыми-техникалық әлеует жұмыс проблемаларын жеңу үшін жеткілікті» деген тұжырымдар қолданылып жатыр.

Бомбалаушының нақты келбеті белгісіз, өйткені әзірге ұшақтың өзі туралы ресми суреттер жарияланған жоқ. Жобаның 2016 жылы фотосы ғана бар. 

Дегенмен бомбалаушы «көрінбейтін ұшақтарға» ұқсатып жасалғаны белгілі (бұл бірнеше рет айтылған) және америкалық В-2-ге ұқсас "ұшатын қанат" схемасы бойынша құрастырылуы мүмкін. Дегемен Н-20 жобасы туралы ресми ақпарат 2021 жылғы Қытайдың әуе күштерінің видеосында жарияланған суреттер дәл осындай әсер қалдырады.

Ван Вей Н-20 ұшағын АҚШ-тың қол жетімді В-2 және болашақта пайда болатын В-21 бомбалаушысымен салыстырудан бас тартты. Оның айтуынша, қытайлық ұшақ бәсеке үшін емес, өз міндеттерін орындау үшін жасалады. Алайда АҚШ ұшақтарының қытайлық жобаға әсері айқын байқалады.

Қазір ҚХР стратегиялық авиациясының әлі де Н-6 ұшағына (ескі Ту-16-ның қытайлық нұсқасы) негізделетінін ескере отырып, жаңа ұшақтың пайда болуы Қытай авиациясына бірнеше буынды аттап өтіп, әскери мүмкіндігін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4