Жаңа әскери атташе полковник Дмитрий Кураш болды
Қорғаныс ведомствосында Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникиннің Беларусь елшілігінің өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық тарапқа Беларусьтің Қазақстандағы жаңа әскери атташесі полковник Дмитрий Кураш таныстырылды.
Кездесуде тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар 2024 жылы ШЫҰ және ҰҚШҰ форматындағы бірлескен іс-шараларды талқылады.