«Веймар үшбұрышы»: Германия, Франция және Польша Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

Үш ел Украинаны ұзақ қашықтықтағы артиллериямен қамтамасыз ету үшін жаңа коалиция құруға келісті

Админ
16/03/2024 - 16:46

Tobias Schwarz/AFP/Getty Images

Tobias Schwarz/AFP/Getty Images

Германия, Франция және Польша әлемдік нарықта Украинаға көбірек қару сатып алады. Бұл туралы ГФР канцері Олаф Шольц Франция президенті Эммануэль Макронмен және Польша премьер-министрі Дональд Тускпен «Веймар үшбұрышы» деп аталатын кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды dw.com сайты.

Соңғы апталарда Германия мен Франция басшыларының арасындағы келіспеушіліктерге қарамастан, Шольц пен Макрон Украинаны қолдауда бірге екенін мәлімдеді.

Біздің үш мемлекетіміз – Германия, Польша және Франция бұл мәселеге байланысты ерекше жауапкершілікке ие. Атап айтқанда, біз бүкіл әлемдік нарықта Украина үшін одан да көп қару-жарақ сатып аламыз, – деп атап өтті Германия үкіметінің басшысы.

Сонымен қатар, Шольц үш мемлекет Украина армиясы үшін ұзақ қашықтықтағы реактивті артиллерия мүмкіндіктерінің жаңа коалициясы туралы келіскенін айтты. Канцлердің айтуынша, зымыран артиллериясын сатып алу жөніндегі коалиция Украинаның қорғаныс мәселелері жөніндегі байланыс тобы («Рамштейн» форматы) аясында құрылатын болады.

Рамштейн әуе базасында АҚШ-тың қамқорлығымен 2022 жылдың көктемінде құрылған 50 елден тұратын топ Ресейге қарсы соғыста Украинаны қолдауды ұйымдастыру үшін үнемі кездесулер өткізеді.

«Веймар үшбұрышы» 1991 жылы ГФР үкіметінің бастамасымен құрылды. Бастапқыда форматтың мақсаты – Польша мен басқа Шығыс Еуропа мемлекеттерін ЕО мен НАТО-ға жақындату.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04