ШҚО-да әскерилерге арналған үй сүрілуі мүмкін

Қаржы тапшылығына байланысты үй құрылысы 1999 жылы тоқтатылған

Sarbaz.kz редакторы
15/03/2024 - 15:38

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

Шығыс Қазақстан облысында құрылысы аяқталмай тұрған әскери қызметкерлерге арналған көпқабатты үй сүрілуі мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Алтай ауданының №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алтай ауданының №2 соты аудан әкімінің жылжымайтын мүлікті коммуналдық меншік деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, Серебрянск қаласында бұрын әскери бөлімнің әскери қызметшілері үшін көппәтерлі үй ретінде жоспарланған құрылысы аяқталмаған нысан бар. Бұл үйдің құрылысы 1999 жылы қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалған және 2000 жылы бұл 3 қабатты объект консервацияланған.

Техникалық қорытындыға сәйкес, ғимараттың барлық құрылымдарының дұрыс консервацияланбауына, құрылыстың ұзақ уақыт бойы тоқтап қалуына және анықталған ақауларға байланысты ғимарат қауіпті деп танылып, демонтаждалуға жатады.

Аталған нысанға меншік құқығы ешкімге тіркелмеген және 2021 жылдан бастап ҚР АК-нің 242-бабының 3-тармағына сәйкес иесіз мүлік ретінде тіркелген.

«ҚР АК-нің 250-бабына сәйкес азамат немесе заңды тұлға өзiне тиесiлi мүлiкке меншiк құқығынан бас тарта алады, бұл жөнiнде ол ауызша немесе жазбаша нысанда жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шеттетілетіні туралы айқын куәландыратын басқа әрекеттер (әрекетсіздік) жасайды.

Сотқа Әскери бөлімнің мүдделі тұлғасынан олардың құрылысы аяқталмаған нысанды жергілікті атқарушы органның тіркеуіне беруге қарсы еместігі көрсетілген жауап келіп түсті.

Ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығын ескере отырып, сот шешімімен Алтай ауданы әкімінің арызы қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85