Қытайға 200-ден аса киік мүйізін алып өтпек болған қазақстандық ұсталды

Аталмыш шекарада бір жыл ішінде 800-ге жуық кеден заңнамасы бұзылған

Sarbaz.kz редакторы
15/03/2024 - 14:56

Фото: ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

Фото: ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі қосалқы дөңгелек орнында 205 дана киік мүйізін жасырын алып өтпек болған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

2024 жылғы 13 наурызда Қытаймен шекарада кедендік бақылау жүргізу кезінде облыстың  Қорғас ХШЫО кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, ҚР азаматы «С» басқаруындағы «Toyota» маркалы автокөлік құралында қосалқы дөңгелекте жасырылған «киік мүйіздері» анықталды. Заңбұзушылық жүргізушімен сауалнама жүргізу және автокөлікті тексеру арқылы анықталды.

Бұл автокөлік құралы ҚР-дан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына дейін барды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс-әрекеттер жүргізілуде.

«Мұндай әрекет үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1-бабында «Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту» қарастырылған», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қорғас ХШЫО 2023 жылдың 24 сәуірінен бастап жұмысын қайта бастады. Ашылған күннен бастап өткізілген іс-шаралар нәтижесінде кеден органдары кеден заңнамасын бұзудың 797 фактісін анықтады, 134 әкімшілік іс қаралды, 40,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді. Бұзушылықтар арасында:

  • Тауарларды жалған декларациялаудың 181 фактісі (тері бұйымдары, ұялы телефондар, телефондарға керек-жарақтар);
  • жеке пайдалануға арналған тауарларды декларацияламаудың 188 фактісі;
  • жалпы сомасы 2,8 млн АҚШ долларынан асатын декларацияланбаған ақшалай қаражатты тасымалдау туралы 172 факт.
  • халықаралық пошта жөнелтілімдері тәртібін бұзудың 256 фактісі.

Сондай ақ тәркілеу туралы сот шешімі бойынша мемлекет кірісіне берілді:

  • Volkswagen, Toyota Ipsum маркалы автокөлік құралдары;
  • түрлі маркалы темекі өнімдерінің 912 блогы.
×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91