Эммануэль Макрон: Ресей Украинаны жеңер болса, Еуропада қауіпсіздік болмайды

Ол Путиннің ядролық соғыс туралы пікіріне жауап берді

Sarbaz.kz редакторы
15/03/2024 - 14:38

Фото: AP / Gonzalo Fuentes

Фото: AP / Gonzalo Fuentes

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей мен Украина соғысы туралы көлемді интервью берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тікелей эфир Макронның жеке Youtube арнасында өтті. Президент бірден екі француз телеарнасының – TF1 және France 2 журналистеріне сұхбат берді.

Сұхбат кезінде Макронның Украина туралы негізгі мәлімдемелері:

Украинадағы соғыс «Біздің Еуропа мен Франция үшін экзистенциалды» дей отырып, Макрон «біз ешқашан шабуыл жасамаймыз» деп мәлімдеді. Ол «Франция – бейбітшіліктің күші» деп атап өтті.

«Украинада бейбітшілік болуы үшін біз мықты болуымыз керек. Сол себепті жағдайға байсалдылықпен қарап, өз мақсатымызға сол құралдар арқылы жетуге дайын екенімізді батыл айтуымыз керек. Ресей жеңе алмайды... Бейбітшілік – Украинаның капитуляциясы емес», - деді Эммануэль Макрон.

Эммануэль Макронның пікірінше, Ресей егер Украинаны жеңер болса, Еуропада бұдан былай қауіпсіздік болмайды.

«Егер Ресей бұл соғыста жеңіске жетсе, Еуропаға деген сенім қалмайды», – деді Макрон.

Владимир Путиннің ядролық соғыс туралы пікіріне Эммануэль Макрон «қолымызда ядролық қару бар кезде бұл орынсыз» деп жауап берді .

«Ядролық мәселелерге келетін болсақ, мынаны айта кеткен жөн. Атом энергетикасы – тұрақсыздық пен қауіп-қатер құралы емес, ол – қауіпсіздік құралы», - деп жауап берді.

Украинаны қолдауға «шектеу» қойғандар «жеңілісті таңдайды», - деді Макрон.

«Олар тәуелсіздіктерінен бас тартуды жөн көреді, өйткені олар «бізде шектеулер бар» деп айтқысы келеді», — деді ол.

Франция президенті кейбір арналардың мәліметтеріне қарамастан, ел әскерінің Украинаға жіберілетіні туралы мәлімдеме жасаған жоқ.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02