Абай облысында 60 гектарға жуық орман қоры мақсатсыз пайдаланылған

10 гектарға жуық жер шекарада орналасқан

Sarbaz.kz редакторы
14/03/2024 - 21:47

Көрнекі фото: James O'Neil / Getty Images

Көрнекі фото: James O'Neil / Getty Images

Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы орман пайдаланушылары ауданы 58,32 га мемлекеттік орман қоры учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырғанын анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұл учаскелерге олар демалу, емделу, спортпен шұғылдану және туризм үшін жағдай жасауы керек еді.

Сонымен қатар, берілген 9,82 га жер телімінің 2 учаскесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқаны белгілі болды, бұл Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді.

«Қабылданған шаралармен сот шешімімен мемлекеттік орман қорының жер телімін пайдалану шарты бұзылып, 1,5 га жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Аумағы 1,9 га құрайтын 1 учаске өз еркімен қайтарылды, қалған учаскелер бойынша талап-арыздар беріліп, материалдар сотта қаралып жатыр», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91