«Қазақмыс» компаниясының лауазымды қызметкері бопсалау күдігі бойынша ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
14/03/2024 - 20:52

Фото: Azattyq Ruhy

Фото: Azattyq Ruhy

«Қазақмыс» компаниясының заң қызметі департаментінің бастығы бопсалау күдігі бойынша ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтер бойынша, Қарағанды облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен компания қызметкерін ұстады.

«Бопсалау» ҚК 194-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы ұсталды. Қазіргі уақытта А.М. Жұмабаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген «Қазақмыс» компаниясының таратқан хабарламасында.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91