Беларусьтің қорғаныс министрлігінің өкілі мәлімдеме жасады
Тәжікстанның әскери қызметшілері Беларусь елінің әскери оқу орындарында оқитын болады. Бұл туралы халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы – Беларусь қорғаныс министрінің халықаралық әскери ынтымақтастық мәселелері жөніндегі көмекшісі Валерий Ревенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TACC сайтына сілтеме жасап.
«31 шілде мен 4 тамыз аралығында Беларусь Республикасының әскери оқу орындарымен танысу мақсатында Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сапары өтті. Сапар қорытындысы бойынша Тәжік әскери қызметшілерін Беларусь Республикасында оқыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп жазды Валерий Ревенко Twitter желісінде.