Дания әскерге әйелдерді шақыруды жоспарлап отыр

Дания – НАТО-ның мүшесі және әскери көмек көрсететін Украинаның одақтасы

Sarbaz.kz редакторы
14/03/2024 - 16:59

Фото: ua.depositphotos.com

Фото: ua.depositphotos.com

Дания премьер-министрі Метте Фредериксен үкімет армиядағы жастардың санын көбейтіп, әйелдерге әскери қызметті міндетті еткісі келетінін айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дания үкіметі әйелдерге міндетті әскери қызмет енгізуді жоспарлап отыр. Әзірге ол ерікті түрде жүргізіледі.

Премьер-министр Метте Фредериксен алдағы бес жыл ішінде қорғаныс шығындарын 40 млрд дат кронына көбейтуді көздейтін жоспардың тұсаукесері аясында мәлімдеме жасады.

Метте Фредериксен, Дания премьер-министрі:

«Біз толық гендерлік теңдікті ұстанамыз, Данияда бәрі тең деп мақтанғанды ұнатамыз. Бірақ Қарулы Күштерге тек даниялық ер адамдар ғана аттанады. Ал әйелдердің тек тіркеліп, кейіннен әскерге шақыру мүмкіндігі бар. Жағдай әртүрлі. Неліктен бұлай болуы керек? Гендерлік теңдік біз өмір сүріп жатқан уақытта заманауи және әртүрлі қорғанысты жасауға көмектесетініне күмәніміз жоқ», - деді ол.

Билік сонымен қатар ерлер мен әйелдердің қызмет ету мерзімін төрт айдан он бір айға дейін ұзартуды жоспарлап отыр.

Дания – НАТО-ның мүшесі және әскери көмек көрсететін Украинаның одақтасы.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04