Путин: Польша әскері Украинаға кірсе, ол жерден ешқашан шықпайды

Оның айтуынша Польша тарихи жерлерін қайтарып алғысы келеді

Sarbaz.kz редакторы
13/03/2024 - 22:17

Фото: Сергей Савостьянов / РИА Новости

Фото: Сергей Савостьянов / РИА Новости

Егер Польша Украинаға әскер жіберсе, кері шықпайды, олар өздерінікі деп ойлаған жерлерді қайтарғысы келеді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер Польша әскері Украина-Беларусь шекарасын жабу үшін Украина аумағына кірсе, Украинаның әскери контингентін әскери қимылдарға қатысуға босатса делік. Менің ойымша, Польша әскері ол жерден ешқашан кетпейді. Маған солай көрінеді», - деді Путин.

Ресей президентінің айтуынша, Польша мұндай жағдайда өзінің тарихи жері деп есептейтін аумақты кері қайтарып алғысы келеді.

«Олар тарихи тұрғыдан өздеріне тиесілі деп санайтын және Иосиф Виссарионович Сталин тартып алып, Украинаға берген жерлерін қайтарғысы келеді. Әрине, олар қайтарғысы келеді. Ал егер ол жерге ресми поляк бөлімшелері кірсе, олардың кері шығуы екіталай», - деп қосты Путин.

Айта кетейік, сұхбат барысында Ресей президенті ядролық қақтығысқа дайын екенін мәлімдеген болатын.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53