Соңғы рет АҚШ тарапынан Киевке өткен жылдың 27 желтоқсанында көмек берілген
АҚШ билігі жақын арада Украинаға 300 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін жіберетінін мәлімдеді, оған оқ-дәрілер, қару-жарақ пен жабдықтар кіреді. Алайда, АҚШ президенті Джо Байден Киевті қолдау үшін бұл аздық етеді деп отыр және Конгрессті тағы да қомақты сома бөлу туралы заңды мүмкіндігінше тезірек мақұлдауға шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Вашингтон хабарлаған пакет – АҚШ-тың Украинаға жіберетін биылғы алғашқы көмек траншы. Соңғы рет АҚШ тарапынан Киевке өткен жылдың 27 желтоқсанында көмек берілген.
Пентагонның ресми хабарламасында Украинаға мынандай техникалар жіберіледі:
Пентагон жариялаған тізімде ATACMS баллистикалық зымырандары туралы нақты айтылмайды (олар жаңа пакеттің бөлігі болуы мүмкін, деп бұрын Politico басылымы жазған). Алайда, мұндай зымырандар АҚШ Қорғаныс министрлігі оқ-дәрілер туралы жазған HIMARS қондырғыларының көмегімен ұшырылады.