Путин ядролық соғысқа дайын екенін айтты

Ол Байденнің шешіміне қатысты пікір білдірді

Sarbaz.kz редакторы
13/03/2024 - 16:55

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Ресей президенті Владимир Путин әскери-техникалық тұрғыдан алғанда ядролық соғысқа дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әскери-техникалық тұрғыдан алғанда, біз, әрине, дайынбыз. Олар үнемі бізбен бірге және үнемі жауынгерлік әзірлікте», - деді Путин.

Путин өз сөзінде Америка Құрама Штаттары Украинаға өз әскерін жібермейтіні туралы мәлімдегенін қозғап өтті. Оның айтуынша, Ресей АҚШ-тың мұндай әрекеті бола қалған жағдайда интервенция ретінде қабылдайтынын америкалық тарап жақсы түсінеді.

«Мен Байденнің дәстүрлі саяси мектептің өкілі екенін айттым және бұл расталды. Онда Байденнен бөлек ресейлік-америкалық қарым-қатынастар саласында және стратегиялық ұстамдылық саласында мамандар жеткілікті. Менің ойымша, мұндай жағдай бола қоймас, бірақ біз бұған дайынбыз», - деді Путин.

×

Редакция

$ 471.46  504.79  5.53