Сотталған адамдарды беру: Қазақстан қай елдермен келісім жасауды жоспарлап отыр

Бүгінге дейін сотталған адамдарды беру туралы 23 мемлекетпен шарт жасалған

Sarbaz.kz редакторы
13/03/2024 - 16:31

Фото: pravda.com.ua

Фото: pravda.com.ua

Қазақстан сотталған азаматтарды беру туралы бүгінге дейін қандай мемлекеттермен шарт жасасты? Алдағы уақытта қай елдермен шарт жасасуды жоспарлап отыр? ҚР Бас прокуратурасы Sarbaz.kz редакциясының ресми сауалдарына жауап берді.

Құзіретті органның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы бүгінге дейін жалпы 23 мемлекетпен сотталған адамдарды беру туралы шарттар жасасқан. Олар: Әзербайжан, Украина, Түрікменстан, Қытай, Испания, Түркия, Италия, Мажарстан, Румыния, Үндістан, Иран, Сербия, Сауд Арабиясы Корольдігі, Литва, Иордан Хашимит Корольдігі, Моңғолия, Бразилия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Болгария, Солтүстік Македония, Өзбекстан, Вьетнам.

«Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сотталған адамдарды беру туралы шарттарды Кипрмен, Мысырмен жəне басқа мемлекеттермен жасасуды жоспарлап отыр», - деп жауап берді аталмыш ведомство.

Айта кетейік, 2018-2023 жылдар кезеңінде әлем елдерінде істі болып, сотталған 177 отандасымыз жазасын одан əрі өтеу үшін Казақстанға ауыстырылды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91