Өзге елдерде жазасын өтеп жатқан отандастарымызды Қазақстанға қалай алдыруға болады?
Соңғы бес жылда әлем елдерінде істі болып, сотталған қанша қазақстандық мемлекетаралық келісім бойынша жазасын ары қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізілгені белгілі болды. Бұл туралы Sarbaz.kz редакциясының ресми сауалына Бас прокуратура жауап берді.
Ведомство мәліметінше, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 5-тармағына сəйкес дипломатиялық қызмет органдарынының мiндеттерінің бірі Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып саналады.
Сотталған адамдарды берудің тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 607, 608-баптарында жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1998 жылғы 6 наурыздағы «Бас еркінен айыруға сотталған адамдарды жазасын одан əрі өтеу үшін беру туралы» конвенциясында анық көрсетілген.
«2018-2023 жылдар кезеңінде Казақстанға жазасын одан əрі өтеу үшін 177 қазақстандық ауыстырылды», - делінген Бас прокуратураның ресми жауабында.
Айта кетейік, ал Қазақстан түрмелерінде қазіргі уақытта оларда 29 мыңға жуық ер адам, 2 мың әйел, сондай-ақ 52 кәмелетке толмаған бала жазасын өтеп жатыр.