Астанаға жақын жерде әскери техникалар жүреді: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін

Sarbaz.kz редакторы
13/03/2024 - 14:03

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы аясында осы жылдың 13 наурызында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.

«Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», – делінген министрлік хабарламасында.

×

Редакция

$ 490.84  536.88  5.04