Никол Пашинян Армения ҰҚШҰ-дан шығуы мүмкін екенін айтты

Армения ҰҚШҰ-дан қандай жағдайда шығатыны белгілі болды

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 21:19

Фото: РИА Новости / Дмитрий Астахов

Фото: РИА Новости / Дмитрий Астахов

Армения премьер-министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ өз міндетін орындамаса және өзінің жауапкершілік аймағын мойындамаса, Ереван ұйымнан шығады деп мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер ҰҚШҰ ұйымы Армениядағы жауапкершілік аймағы туралы сұраққа жауап берсе және бұл сұрақ біздің көзқарасымызға сәйкес келсе, онда бұл мәселе шешілген деп санаймыз. Ал кері жағдайда Армения ҰҚШҰ-дан шығады. Қашан екенін айта алмаймын», - деді Пашинян.

Пашинянның мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ТАСС агенттігіне эксклюзивті сұхбат берді, онда ұйымның Армения басшылығымен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты.

Иманғали Тасмағамбетов ұйымның хатшылығына Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату туралы ешқандай хабарлама түспегенін атап өтті.

«Ереван соңғы кездері ҰҚШҰ Хатшылығының жұмысына қатысқан жоқ. Бұл Арменияның осы кезеңдегі шешімі және біз халықаралық ұйым ретінде егемен мемлекеттің кез келген шешімін құрметтейміз. Дегенмен, ұйымның қызметі толық көлемде жалғасуда, барлық рәсімдер ҰҚШҰ нормативтік базасына толық сәйкес сақталады. Қабылданған шешімдер туралы Хатшылық Еревандағы тиісті құрылымдарды жұмыс режимінде хабардар етеді. Армения Республикасы шенеуніктерінің аталған мәлімдемелеріне қатысты Ереваннан ұйымға мүшелікті тоқтату туралы ешқандай ресми мәлімдеме түспегенін атап өтемін», - деді Тасмағанбетов.

Тасмағамбетов армян элитасының кейбір сөздері алаңдаушылық туғызатынын айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91