Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Ол бүгінге дейін Абай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болды

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 22:52

Фото: ТЖМ

Фото: ТЖМ

ҚР Үкіметінің қаулысымен Төленбергенов Серік Төлеуғалиұлы Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Р.Байсейітова атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америка университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған.

  • 1997-1998 жылдары ҚР Қаржыминінің Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді.
  • 2000 жылдан 2009 жылға дейін – жеке құрылымдарда жұмыс істеді.
  • 2009-2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім бастығы.
  • 2010-2011 жылдары - Риддер қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2011-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы.
  • 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болған.
  • 2013-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
  • 2016-2019 жылдары - басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
  • 2019-2020 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасының кеңесшісі.
  • 2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді.
  • 2022-2023 жылдары – коммуналдық кәсіпорынның директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты.
  • 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы наурызға дейін – Абай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.
×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91