Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ бортында 12 адам болған

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 21:55

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Ресейдің Иваново облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 12 адам болды – сегіз экипаж мүшесі және жеті жолаушы. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар қозғалтқышы өртеніп бара жатқан ұшақтың видеосын жариялады. Ресейдің қорғаныс министрлігі апат туралы ақпаратты растады.

«12 наурызда сағат 13:00 шамасында Иваново облысындағы Ил-76 әскери-көлік авиациясының ұшағы жоспарланған ұшуды орындау үшін ұшып шыққан кезде апатқа ұшырады», – делінген хабарламада.

Әскери департаменттің мәліметінше, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында сегіз экипаж мүшесі мен жеті жолаушы болған.

«Оқиға орнынан келген есеп бойынша апаттың себебі – ұшақтың ұшуы кезінде қозғалтқыштардың бірінің өртенуі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресейде жыл басынан бері осымен Ил-76 ұшағының екіншісі апатқа ұшырап отыр. 2024 жылдың 24 қаңтарында Белгород облысында осы типтегі ұшақ апатқа ұшырады, бортындағы 74 адамның 65-і украиналық әскери тұтқын болды. Олардың барлығы қаза болды. Осыдан кейін Ресей Украинаны ұшаққа шабуыл жасады деп айыптады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91