Газа секторына 200 тонна азық-түлік тиелген кеме Кипр портынан шықты

Қақтығыс басталғаннан кейін Газадағы гуманитарлық дағдарыс ушығып тұр

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 21:38

Фото: Reuters

Фото: Reuters

Газа секторына арналған 200 тоннаға жуық азық-түлік тиелген кеме Кипр портынан шықты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ХАМАС пен Израиль әскері арасындағы қақтығыс басталғаннан кейін Газадағы гуманитарлық дағдарыс ушығып тұр.

Open Arms қайырымдылық кемесі Кипрдегі Ларнака портынан шығып, анклав тұрғындарына қажет азық-түлік жеткізбек.

Кеме Испанияның қайырымдылық ұйымына тиесілі. Миссияны АҚШ-тың World Central kitchen қайырымдылық ұйымы (WCK) ұйымдастырды.

WCK негізін қалаушы Хосе Андрес пен Атқарушы директор Эрин Гор мәлімдемесінде: «Біздің мақсатымыз – Газаға үнемі жіберілетін миллиондаған тағамдары бар қайықтар мен баржалардан теңіз магистралін құру», — деді.

×

Редакция

$ 498.55  524.28  4.75