Астанада криптовалютаны заңсыз айырбастаған адам сотталды

Ол 6 айда 342,8 млн теңге көлемінде аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 19:58

Фото: dzen.ru

Фото: dzen.ru

Елордада криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғыны сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, соттың үкімімен криптовалютаны заңсыз айырбастағаны үшін қала тұрғынының мүлкі тәркіленіп, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

«Кінәлі тұлға қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер саласында лицензиясыз айырбастау қызметімен айналысып, 6 айдың ішінде 342,8 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде заңсыз табыс алған.

Прокурордың талабымен сотталғаннан заңсыз алынған 342,8 млн теңге сомасындағы табыс мемлекет пайдасына өндірілді. Үкім заңды күшіне енді», - делінген ведомство хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44