Жетісайда ауыл әкімдігінің қызметкерлері ондаған млн теңгені жымқырған

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 14:34

Фото: NewTimes.kz / Ыдырыш Ертай

Фото: NewTimes.kz / Ыдырыш Ертай

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам жымқыру схемасын анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға жалған тартып отырған.

«Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан», - делінген прокуратура хабарламасында.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4