Қару-жарақ импорты, Украиндағы жағдай: Қазақстан неліктен жаңа әскери техникалар сатып алмай отыр?

2012-2018 жылдар аралығында қару-жарақ сатып алуға 1,5 млрд доллар жұмсалған

Sarbaz.kz редакторы
12/03/2024 - 14:02

Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Қаражат және Украинадағы соғыс – Қазақстанның қару-жарақ импортының 30%-ға төмендеуінің екі себебі. Бұл туралы әскери сарапшы Ермек Сейтбатталов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Стокгольмдегі бейбітшілікті зерттеу институтының мәліметі бойынша, Қазақстанға жеткізілетін қару-жарақ импорты 6 жыл ішінде 30 пайызға азайған.

Мәселен, 2012-2018 жылдар аралығында қару-жарақ сатып алуға 1,5 млрд доллар жұмсалса, 2018-2024 жылдар аралығында 900 млн доллар жұмсалған.

Бұл ретте Еуропада импортты ұлғайтудың орташа көрсеткіші 97% құрады. Сонымен қатар, кейбір елдер импорттың өсуінде ерекше көзге түседі. Мысалға, Чехия мен Словения 6 жыл ішінде техника сатып алуды 30 есеге арттырды.

Импорт қысқарғанмен, елдің қорғаныс бюджетінің артқаны байқалады. 2020 жылы елдің Қорғаныс министрлігінің бюджеті 1 млрд долларды құраса, 2024 жылы 2 млрд долларға жетті.

Қазақстан 2015 жылы Қытайдың 3 дана Wing-Loong 2 дроны мен «әуе-жер» класты Blue-Arrow 7 зымыранын, 2 дана C-295 әуе көлік ұшағын, сондай-ақ 8 Су-30МК жойғыш ұшағын және 4 Ми-35М тікұшағын сатып алды.

Сонымен қатар, Қазақстан импортының құрылымын зерделейтін болсақ, онда авиация саласына үстемдік берілгенін байқауға болады. 2000 жылдан 2023 жылға дейін сатып алуларда ақшаның көп бөлігі жойғыш ұшақтар мен тікұшақтарға жұмсалған, ал қалған бөлімдер назардан тыс қалады.

Sarbaz.kz тілшісіне офицерлердің бірі анонимділік жағдайында, 2000 жылдардың басында автопаркінің жағдайы сондай ауыр болғанын, тіпті сарбаздар өз қаражатына Орал-375 және ГАЗ-66 жүк көліктерін жөндеуге мәжбүр болғанын айтты. Ал 20 жылға жуық уақытта техника паркі Киров атындағы зауытта күрделі жөндеу есебінен небәрі 30-40%-ға ғана жаңартылыпты.

Импорттың құлдырауы туралы айта отырып, офицер былай дейді:

«Бұл біз бәрін жергілікті өндіріспен алмастыра алғанымызға байланысты емес. Біз тіпті оқ-дәрілерді шетелден сатып аламыз», - деді.

Дегенмен, жойғыш ұшақтар мен тікұшақтарды сатып алғанына қарамастан, Құрлық әскері әлі де қиындық көріп отыр. Сонымен, офицердің айтуынша, танктердің бір бөлігі кеңес заманында шығарылған және олар «Семей Инжиниринг» зауытының аумағында күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Украинадағы соғыс

Әскери сарапшы Ермек Сейітбатталовтың айтуынша, Қорғаныс министрлігіне екі бюджет бөлінеді – армияны ұстауға және дамытуға. Даму қару-жарақтың жаңа үлгілерін сатып алуды, техниканы жөндеуді және оны жаңғыртуды көздейді. Тағы бір мәселе – бұл қаражат, әсіресе импорттық қару-жарақты сатып алуға жауапты «Қазарнаулыэкспорт» компаниясындағы тұрақты сыбайлас жемқорлық аясында қалай жұмсалмақ?!

Әскери сарапшы айтқан екінші фактор – Ресей әскери-теңіз күштерінің Ресей армиясына қару-жарақ жеткізу міндетін әрең орындап отыр. Оған ирандық дрондарды жеткізу және оларды қолдану, сондай-ақ Солтүстік Кореядан артиллериялық снарядтар мен зымыран жүйелерін сатып алу туралы көптеген мәліметтер дәлел. Сонымен қатар, техникалық бөлім де зардап шегіп отыр. Санкцияларға байланысты ресейлік әскери-өнеркәсіптік кешен өмірлік маңызды электроникаға арналған чиптерсіз қалды. Бұл факторлар, Сейітбатталовтың пікірінше, Қазақстанның бас импорттаушысы – Ресейден жеткізілетін әскери техника көлемінің төмендеуіне әкелген болуы мүмкін.

«Енді менің ойымша, импорт мәселесіне қатысты басты назар Түркияға және басқа елдерге ауысуы мүмкін. ASELSAN, Bayraktar сияқты компаниялар. Яғни, ҰҚШҰ-ға кірмейтін елдер», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ның ресейлік үлгідегі қару-жарақ жүйелерін біріздендіруді көздейтін маңызды факторы бар. Идея бойынша, бұл жанжал туындаған жағдайда қатысушы елдердің өзара іс-қимылын, жөндеуін және қамтамасыз етілуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сейітбатталов бұл норманы орынсыз деп атады.

«Мәселе мынада, бұл соғыстың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді. Ирактағы операцияларды еске түсіріп көрейік. Көптеген елдер – түрлі тілдер, түрлі жарғылар, бірақ бәрі жақсы жұмыс істеді. Ал біз мұнда бір орыс тілімен және бір Калашниковпен бір-бірімізді түсінбейміз әрі үшінші жыл екі ауыл үшін күресіп жатыр», - деп түйіндеді Сейітбатталов.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4