Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамады

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен әйелі азаматтық некеде болғаны хабарланды

Sarbaz.kz редакторы
11/03/2024 - 22:14

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Сот отырысында экс-министр өзіне тағылған айыптарды мойындамады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаев алқа билердің, журналистердің қатысуымен ашық сот өткізуді сұрады.

Сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесі ресми тіркелмегені айтылды.

«2022 жылғы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойы өтті. Бірақ олар некесін ресми тіркемеген. Олар азаматтық некеде болған», - деді Айжан Аймағанова күдіктіге қатысты айыптауларды оқи отырып.

Бұдан бөлек, экс-министр азаматтық некедегі әйелінің ұялы телефонын бақылап, қоңыраулар мен хабарламаларды тексеріп отырғаны айтылды. Сол сияқты айыптаушының айтуынша, күдікті С. Нүкенованы 2023 жылғы наурыздан бастап жүйелі түрде ұрып соққан.

Сот отырысында күдікті Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенова арасындағы ұрыс-керіс мейрамханаға бармай тұрып басталған.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы министр әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91