Қазақстанға жеткізілетін шетелдік қару-жарақ 30 пайызға қысқарды

Қазақстанға ең ірі қару-жарақ импорттаушылардың үштігіне Ресей, Испания және Франция кіреді

Sarbaz.kz редакторы
11/03/2024 - 19:20

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанға жеткізілетін қару-жарақ импорты 6 жылда 30%-ға төмендеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі SIPRI зерттеу материалына сілтеме жасап.

Мәселен, 2018-2024 жылдар аралығында Қазақстанның әлемдік қару-жарақ импортындағы үлесі 0,9%-дан 0,6%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте әлемдік тренд қару-жарақ импортының ұлғаю үрдісін көрсетеді – Еуропа мемлекеттері өз импортын екі есеге жуық арттырды, Үндістанның қару-жарақ импорты 5%-ға, Жапония 155%-ға, Оңтүстік Корея 6,5%-ға өсті.

Бұл ретте, Қазақстанға ең ірі қару-жарақ импорттаушылардың үштігіне Ресей (94%), Испания (1.4%) және Франция (1.4%) кіреді.

Қару-жарақ сатып алудың 30% төмендеуі елдің үнемі өсіп келе жатқан қорғаныс бюджеті аясында болып отыр. Мәселен, 2020-2024 жылдар аралығында бюджет екі есеге – 1,2 млрд доллардан 2,16 млрд долларға дейін ұлғайды.

Импорттың осындай төмендеуі Африка елдерінде де байқалады – Алжир импорты 77%-ға, Египет 20%-ға, Марокко 46%-ға қысқарды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85