«Қатты берілген адам дінді әскери антынан жоғары қоюы мүмкін»: сарапшы әскердегі дін туралы айтты

Әскери қызметшілермен кездесу өткізетін имамдар «Отан күзетінде» тұрғанын түсіндіреді

Sarbaz.kz редакторы
11/03/2024 - 17:43

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан мұсылмандары қасиетті Рамазан айын атап өтіп жатыр. Sarbaz.kz тілшісі әскердегі дін мәселесінде дінтанушы Әли Укеновтің пікірін білді.

2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының №3 бабы бойынша Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдеріне ғибадат, діни рәсімдер мен жиналыстар өткізуге (жасауға), сондай-ақ миссионерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.

Әскери қызметшілермен кездесулер өткізетін имамдар игі істі орындай отырып, «Отан күзетінде» тұрғанын түсіндіреді.

Дінтанушы Әли Укеновтің айтуынша, Қазақстан бүгінде өзінің діни көзқарастарын күш құрылымдарда білдіруге мүмкіндік бермейтін зайырлылық модельде өмір сүріп жатыр. Қасиетті Рамазан айындағы ораза да қолданыстан шығарылған.

«Әлемде зайырлылықтың бірнеше үлгісі бар. Мысалы, америкалық және британияық үлгілерде армияда діннің өзіндік рөлі бар. Атап айтқанда, бұл елдерде қарулы күштер мен полицияның өз әскери капеллалары болады, олар – діни білімі бар офицерлер. Халқының басым бөлігі мұсылмандар тұратын елдер туралы да осыны айтуға болады. Мысалы, Индонезия мен Малайзияда дін мен армия үйлесімді өмір сүреді», – дейді дінтанушы Әли Укенов.

Ол Қазақстан дінді қабылдамайтын кеңестік зайырлылық үлгінің мұрагері екенін қозғап өтті. Бүгінгі күні басшылар армияға діни құрамды енгізгісі келмейді, өйткені дінге қатты берілген адам оны антынан жоғары қоюы мүмкін.

«Бұл мәселеге біржақты баға беру өте қиын. Дегенмен, мұсылмандарға діни ережелерді ыңғайлы сақтауға мүмкіндік беретін ымыраға келу маңызды. Бидайды сабаннан ажырату қажет, яғни діндар мұсылмандардың көпшілігі, оның ішінде әскердегілер де радикалды топтардың кесірінен зардап шекпеуі керек», – дейді Әли Үкенов.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94