Салық органының қызметкері бірнеше интернет алаяқтық жасаған

Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Sarbaz.kz редакторы
11/03/2024 - 15:57

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық қылмыс ашылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп, өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91