Су тасқынының алдын алу: ШҚО-да әскерилер жұмылдырылды

Бірнеше ауданда қар күреу жұмысы жүргізіліп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
11/03/2024 - 14:01

Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Риддер қаласында тасқынды болдырмау мақсатында арықтарды қардан тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Тарбағатай ауданындағы 8 ауылда су өткізгіш құрылғыларды, арықтарды қардан тазалау жұмыстары қолға алынды. Ал Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы Бобровочка өзенінің көпірі қардан тазартылды. Шемонаиха ауданы да жұмыстар үздіксіз жалғасуда», - делінген ақпаратта. 

Күршім, Алтай, Ұлан аудандарында су тасқыны қаупі бойынша жағдай аудан басшыларының бақылауына алынды. Барлық округ әкімдеріне жанар-жағармайды жеткілікті мөлшерде дайындауға тапсырма берілген. 

Сондай-ақ Алтай ауданына қарасты Зубовск ауылында 68303 әскери бөлімінің 25 сарбазы арық тазалау жұмыстарына көмектесіп жатыр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91