АҚШ Газадағы портты салу үшін алғашқы кемесін жіберді

Америкалық кеме теңіз портына арналған жабдықты апара жатыр

Админ
10/03/2024 - 21:55

Mike Blake/Reuters

Mike Blake/Reuters

Америкалық «Генерал Фрэнк Бессон» кемесі аймақта уақытша теңіз портын салуға арналған жабдықты жеткізу үшін Газа жағалауына аттанды, деп хабарлайды АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM).

2024 жылдың 9 наурызында АҚШ армиясының «Генерал Фрэнк С. Бессон» (LSV-1) кемесі президент Байденнің Газаға гуманитарлық көмекті теңіз арқылы жеткізетінін айтқаннан кейін 36 сағат ішінде Лэнгли-Юстис бірлескен базасынан шығып, Шығыс Жерорта теңізіне жолға шықты, – делінген хабарламада.

Осылайша «Генерал Фрэнк Бессон» материалдық-техникалық қамтамасыз ету кемесі өмірлік маңызы бар гуманитарлық жүктерді әкелетін уақытша терминал салу үшін алғашқы жабдықтарды жеткізбек.

Айта кетейік, бұған дейін Газада әуеден тасталған гуманатарлық көмек 5 адамның өмірін қиған еді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91