Хуситтер АҚШ кемелерін 37 дронмен атқылады

Йемендік хуситтер Қызыл теңізде және Аден шығанағында АҚШ эсминецтеріне шабуыл жасады

Админ
09/03/2024 - 22:27

Khaled Abdullah / Reuters

Khaled Abdullah / Reuters

Йемендік хуситтер Қызыл теңізде және Аден шығанағында АҚШ-тың бірнеше эсминецтеріне 37 дронды пайдаланып шабуыл жасады, деп хабарлады Reuters агенттігі.

Хуситтердің өкілі Яхья Сарианың айтуынша, америкалық Propel Fortune кемесіне де соққы жасалды (Marine Traffic мәліметі бойынша, бұл Сингапур туымен құрғақ жүк тасымалдайтын кеме).

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) таңғы 4:00 және 6:30-да Қызыл теңіз мен Аден шығанағындағы хусит шабуылына тойтарыс бергенін хабарлады.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемелері мен ұшақтары, сондай-ақ коалиция Әскери-теңіз күштерінің бірнеше кемелері мен ұшақтары біржақты шабуыл кездінде 15 ұшқышсыз ұшақты атып түсірді. Бұл іс-шаралар кеме қатынасы бостандығын қорғау және халықаралық сулардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалуда, – делінген ведомство хабарламасында.

Йемендік хуситтер америкалық және британиялық кемелерге, сондай-ақ Израильмен байланысты кемелерге шабуыл жасап келеді. Соққылар 2023 жылдың күзінде Палестинаның ХАМАС қозғалысына қарсы Газа секторындағы израильдік операцияға жауап ретінде басталды. Ал Вашингтон мен Лондон 2024 жылдың қаңтарынан бастап Халықаралық коалицияның қолдауымен Йемендегі хусит нысандарына қарсы соққы жасап келеді.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4