ҚР СІМ Ресейде теракт жасамақ болған қазақстандықтардың өлтірілгені туралы ақпаратқа қатысты пікір беруден бас тартты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Иә, бұл ақпаратты бүгін естідім. Оған қатысты ҚР ҰҚК ресми ақпарат таратты. Біздің тараптан қосымша ақпарат жоқ. Бәрін сол ҰҚК арқылы біле аласыз, – деп қысқа қайырды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, БАҚ пен әлеуметтік желіде Ресейде теракт жасамақ болған екі қазақстандықтың өлтірілгені туралы ақпарат тараған.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті оқиғаны растап, арнайы хабарлама таратты.