Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.7
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Жерасты дүмпулері 6 тамыз күні сағат 06:32-де Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 854 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.7. Магнитудасы - MPV 6.6. Тереңдігі - 50 шақырым. Жер сілкінісі сезілмеген.