Ресейде теракт жасамақ болды деп Қазақстанның екі азаматы өлтірілді

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады

Админ
09/03/2024 - 16:27

 Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ пен әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың қазақстандық азаматтығы және Ресейге барғаны расталады, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) арнайы мақсаттағы жауынгерлерімен атыс кезінде Қазақстанның екі азаматының қаза тапқаны туралы хабар тарады.

Теракт жасауға дайындық кезінде екі күдікті, 35 жастағы Сәбит Әшірәлиев пен 32 жастағы Жәнібек Тасқұлаев есімді Қазақстан азаматтары қаза тапты. Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, олар Ресейге осы жылдың 28 ақпанында келген, - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91